Алматы облысында қызметтік ит баспалдақтың астынан аса ірі көлемдегі гашишті тапты

Алматы облысында қызметтік ит баспалдақтың астынан аса ірі көлемдегі гашишті тапты

Үйінде есірткі сақтаған күдікті бұрын 11 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған рецидивист болып шықты.
Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының 37 жастағы тұрғынының жеке үйінен "Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шарасы барысында қызметтік-іздестіру итімен тінту жүргізіп, сатының астындағы пакеттен есірткі өнімін тапқан. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген есіртікі затты- гашиш болып шықты, оның жалпы салмағы 1 кг.586 грамм.
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге сәйкес есірткі құралының осы мөлшері аса ірі мөлшерге жатады.
Күдікті бұрын есірткіні пайдаланғаны, сақтағаны үшін 4 рет және біреудің мүлкін ұрлағаны үшін 7 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған рецидивист болып шықты, соңғы соттылығы 2020 жылдың маусым айында өтелген. Ұсталған азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.
Аталған дерек ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, осы құқық бұзушылық үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі