Алматы облысында учаскелік инспекторлар 100 мыңға жуық тұрғынды аралап шықты

Алматы облысында учаскелік инспекторлар 100 мыңға жуық тұрғынды аралап шықты

Алматы облысының полицейлері "Учаске" шарасының аралық нәтижесін шығарды. Іс-шараның бірінші күні, ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап құқық қорғау органдары тұрғын үй аудандарында 98803 аралау ұйымдастырған, оның ішінде кездесулер мен әңгімелесулер 30994 пәтер, 64775 жеке үй және 7568 саяжай тұрғындарымен өткізілген.
«Іс-шара нәтижесінде белгілі тұрғылықты жері жоқ 33 адам анықталып, 317 кәмелетке толмаған азамат ұсталды, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін – 7, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын – сауық мекемелерінде болғаны үшін – 15, қаңғыбастық үшін-5, олардың барлығы Бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 284 жасөспірім ұсталды. Тіркелген атыс қаруларының иелері де назардан тыс қалмады. Берілген рұқсатқа сәйкес қару иелерінің 21,7% - ында оның бар болуы мен сақталуы тексерілгеннен кейін, тәртіп сақшылары 190 құқық бұзушылық дерегін анықтады, оның ішінде: 143 дерек- қаруды сақтау қағидаларын бұзу, ал 47-қайта тіркеу қағидаларын бұзу дерегі. Сонымен қатар, заңсыз сақталған 70 ойық ұңғылы қарудың патрондары және 83 атыс қаруының ұңғылары тәркіленді, олар анықталған кемшіліктер жойылғанға және салынған айыппұлдар төленгенге дейін полицияда қалатын болады»,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бағдат Әшімов.
Барлық анықталған және әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушылардың жалпы саны 15858 адамды құрады, олардың қатарында: отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін (73 – б.) - 840; ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы (127 – б.) - 94; тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау (196 - б.) - 10; белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін (204-б.) - 1046; ұсақ бұзақылық (434 – б.) - 279; жалпы пайдалану орындарын ластау (434-2-бап) – 375; алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу (440 – бап) – 1695; ҚР – да тіркеусіз тұру (492-бап) - 2153; ҚР Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу (518-бап) - 79; және өзге де құқық бұзушылықтар бар.
«Бұл алдын алу іс-шарасы, басқалар сияқты, ең алдымен, криминогендік жағдайды жақсартуға бағытталған. Біздің міндетіміз-қылмыстың жасалуының және ауыр зардаптардың туындауының алдын алу және болдырмау. Полицияның белсенділігі, заңсыз әрекеттер үшін туындайтын жауапкершілікті көрсету халықты тәртіпке келтіреді және көптеген азаматтар осы процеске қатыса отырып, полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенді көмектеседі»,-деп толықтырды Бағдат Әшімов.
Іс-шара ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі