Алматы облысында ерекше көзге түскен криминалдық полиция қызметкерлері марапатталды

Алматы облысында ерекше көзге түскен криминалдық полиция қызметкерлері марапатталды

9 айдың қорытындысы бойынша Алматы облысы Полиция департаментінің оң жұмысы атала отырып, ағымдағы жылдың 30 – қыркүйегіндегі бұйрыққа сәйкес Ішкі істер министрінің құқығымен бірқатар ерекшеленген қызметкерлер марапатталды:
"Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" медалімен КПБ аға жедел уәкілі подполковник А. Е.Жетпісбаев және КПБ жедел уәкілі полиция майоры Д. Д. Жаканбай марапатталды. Министрдің Құрмет грамотасына КПБ аға жедел уәкілі подполковник Б. А. Ахметов, Қарасай АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Е. А. Молдағұлов және Ұйғыр АПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны А.Б.Бейбітбек ие болды. Министрдің атынан алғыс хаттар Талғар АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Е. Т. Айымбетовке, КПБ аға жедел уәкілі полиция капитаны Б. Б. Кенчибаевқа және Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Л.С.Бекпембетоваға табысталды.
Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры С.М. Күдебаев марапатталғандарды шын жүректен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық және қызметтеріне табыс тіледі.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі