АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

8–21 қыркүйек аралығында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

– Рейд барысында заңсыз балық аулау мен аңшылық фактілері, жағалау өсімдіктерін кесу, сондай-ақ су айдындарында болу ережелерін бұзу жағдайлары тексерілуде. Негізгі назар қоршаған ортаны ластаумен және экологиялық заңнаманы сақтамаумен байланысты құқық бұзушылықтарды алдын-алуға аударылған, – деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Негізгі басымдық «Таза Қазақстан» акциясына берілді. Полиция қызметкерлері Балқаш-Алакөл өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, Қапшағай су қоймасының жағалауларын тазарту жұмыстарын жүргізді.

Полицейлердің айтуынша, мұндай іс-шаралар «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, табиғатты қорғауға, су ресурстарын ұқыпты пайдалануға ғана емес, сондай-ақ халық арасында экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға жанашырлықты және заңға құрметті қалыптастыруға бағытталған.