
Талғар ауданының полицейлері құқықтық тәртіпті нығайтуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарға жақын болып, жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, шешу, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу. Шара барысында учаскелік инспекторлар бекітілген аумақтарды аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде, қолданыстағы заң нормаларын түсіндіріп, жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпарат беруде.
Сонымен қатар, қолайсыз отбасылардың, профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың жағдайы тексеріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу шаралары қабылдануда.
Полиция басшылығы мұндай іс-шаралар құқық қорғау органдары мен азаматтар арасында сенімді диалог орнатуға, сондай-ақ қылмыстың алдын алу деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.