
Алматы облысында кәсіби мереке – Учаскелік полиция инспекторлары күніне орай үздік қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев учаскелік инспекторлардың құқық қорғау органдары жүйесінде алатын орны ерекше екенін атап өтті. Өйткені олар күн сайын халыққа ең жақын болып, құқық бұзушылықтардың алдын алады және өздеріне бекітілген аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жедел-қызметтік қызметтегі жоғары көрсеткіштері мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін бірқатар қызметкерлер Полиция департаментінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мейрам Әбікеев атап өткендей, учаскелік инспекторлардың тиімді жұмысы азаматтардың полицияға деген сеніміне тікелей әсер етеді және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды элементі болып табылады.