Полицейлер Қапшағай су қоймасының үстінен тікұшақпен жоспарлы ұшып өтуді ұйымдастырды

Полицейлер Қапшағай су қоймасының үстінен тікұшақпен жоспарлы ұшып өтуді ұйымдастырды

"Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қапшағай қаласының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жануарлар дүниесі және су ресурстарын қорғау инспекциясымен, Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен, Аэро Орман қорғаумен (өрт қызметі) бірлесіп Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауын, сондай-ақ Іле өзені бойымен Қытай шекарасына дейін жоспарлы ұшып өтуді ұйымдастырды. Қапшағай су қоймасының 22 учаскесінде Қытай өндірісінің браконьерлік желілері табылды.Аталған желілер жағада өртеу арқылы жойылды.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі