25 МАУСЫМ – ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ КҮНІ: ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ҚАУІПСІЗ КҮН» ӨТТІ

25 МАУСЫМ – ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ КҮНІ: ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ҚАУІПСІЗ КҮН» ӨТТІ

Қаржылық сауаттылық күні аясында Қонаев қаласындағы «Күншуақ» және «Балдаурен» жазғы демалыс лагерлерінде балаларға арналған танымдық сабақтар өтті. Іс-шараны Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

Сабақтар «Қауіпсіз күн» тақырыбында өтіп, балаларға интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, олардан қорғану жолдары мен дербес деректердің қауіпсіздігін сақтау туралы маңызды ақпарат берілді.

– Полицейлер балаларға киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы алаяқтардан сақтану жолдарын көрсетті. Балалар өз кезегінде белсенді қатысып, сұрақ қойып, пікір алмасты, – деді полиция өкілдері.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, оларды интернеттегі қауіп-қатерлерден қорғануға үйрету. Мұндай алдын алу шаралары балалардың қауіпсіздігі үшін, әсіресе жазғы демалыс кезінде интернетті белсенді пайдаланатын кезеңде аса маңызды.