
Бүгін Қаржылық сауаттылық күні аясында азаматтармен кездесуге еркін күрестен Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров арнайы шақырылды. Спорт саңлағы шараға қатысушылармен қаржылық қауіпсіздік негіздері мен интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары туралы өз ойымен бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке деректерді, банк карталарын және қаражатты алаяқтардан қорғау жолдарын түсіндіру.
Осындай бастамалар халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.