БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

Балқаш ауданының полицейлері Бақанас ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында интернет-алаяқтықтың алдын алуды егжей-тегжейлі түсіндіру жұмысын жүргізді.

Тәртіп сақшылары көпшілікке қазіргі цифрлық кеңістікте кең таралған қылмыстың бірі – интернет-алаяқтықпен күрес туралы жан-жақты ақпарат берді.

– Іс-шара барысында азаматтарға жеке киберқауіпсіздікті сақтау бойынша кеңестер жазылған ақпараттық жадынамалар мен брошюралар тараттық. Әсіресе интернетті қауіпсіз пайдаланудың барлық қыр-сырын жете меңгермеген егде жастағы азаматтар мен зейнеткерлер сияқты әлжуаз топтармен түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді, – деп хабарлады полицейлер.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері азаматтарға алаяқтар жиі қолданатын әдіс-тәсілдер – жалған банктік қоңыраулар, фишингтік сайттар, жалған интернет-дүкендер туралы айтып, сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, күмән тудыратын жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет екенін ескертті.

– Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Балқаш ауданының полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздерінің жүйелі профилактикалық жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра береді, – деді тәртіп сақшылары.