АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ШЫҢДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ШЫҢДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

22 маусымда Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидасын насихаттау аясында құқық қорғау органы өкілдері биіктігі 4120 метрлік Орджоникидзе шыңына шықты.

Рухани-патриоттық шараға Алматы облысы полиция департаментінің, Бас прокуратура, қаржылық мониторинг агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қатысты.

Шыңға шығудың мақсаты – рухты нығайтып, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, заңдылық, әділдік және қоғамға қызмет ету қағидаттарына адалдығын көрсету.

Мұндай бастамалар құқық қорғау органдарының оң имиджін қалыптастыруға және ортақ құндылықтар мен міндеттер негізінде әртүрлі ведомстволардың өкілдерін біріктіруге көмектеседі.