
Алматы облысының әкімшілік полиция басқармасының өкілдері процессингтік орталығы және жедел-криминалистика басқармасы қызметкерлерімен бірлесе мопед сататын барлық дүкен сөрелеріндегі мопед көліктерін тексерді. Сатылымдағы барлық мопедтің заңды құжаттары бар, арнайы VIN нөмірлері енгізілген.
– 2025 жылдың 5 сәуірі мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілген күннен бастап мопедтерді пайдалану тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі,–деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Кегенбаев.
Бүгінгі таңда Алматы облысында 1761 мопед тіркеуге қойылды. Азаматтармен мопед көліктерін тіркеуге қоюға бүгінгі күні еш кедергі жоқ, ақпараттық жүйелер қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда. Алматы облысы аумағында заңнамалық өзгерістерге наразылық тудыру жағдайлары болған жоқ. WhatApp, Telegram және т.б. әлеуметтік желі месенджерлеріне мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары бұдан әрі жалғасады.