АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕАРНАҒА ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕАРНАҒА ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ

Бүгін, Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев республикалық телеарнаға есірткіге қарсы күрес жұмысы туралы егжей-тегжейлі сұхбат берді.

Облыстың бас полицейі өз сөзінде есірткі қылмысына қарсы күрес Алматы облысында күн сайын жүргізілетінін, бұл жұмыс – өңірлік полиция департаментінің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Мысалы, бір ай бұрын біздің қызметкерлер Талғар ауданында Қазақстандағы ең ірі есірткі зертханасын жойды. Тінту кезінде 140 келіге жуық дайын мефедрон мен 8 тоннадан астам прекусор тәркіледі. Бұл өте орасан зор көлемдегі көрсеткіш.
Біздің полицейлердің тыңғылықты жұмысының арқасында осылайша жалпы сомасы 3 миллиард теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам дозасын айналымнан алып тастадық,– деді облыстық полиция Департаментінің бастығы. Сонымен қатар, осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Алматы облысының аумағында есірткіге қатысты

89 құқық бұзушылықты анықталған. Оның 52-сі қылмыс және 37-сі есірткіге қатысты құқық бұзушылық. Жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші 84,7% құрап отыр. Осылайша, бас-аяғы 1 тонна 92 кг 403 грамм есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде: 164 килограмм 769 грамм синтетикалық есірткі, 18 килограмм 139 грамм марихуана, 242 грамм героин, 9 килограмм 253 грамм гашиш, 900 килограмм қарасора.