
ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 21-сәуірден бастап Алматы облысы аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан қабылдау шарасы өткізілуде.
Полицейлер қаруды сақтау талаптарының орындалуын тексеріп, халықпен тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырудың тәртібін түсіндуріде. Бұдан бөлек, табиғатты қорғау ұйымдарымен бірлесіп, қызметтік қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау ережелерінің сақталуы бақыланады.
Іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті кешенді түрде қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылуда. Оған әкімшілік, криминалдық және жергілікті полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ қару айналымы саласындағы мамандар қатысуда.
– Осыған орай, полиция өз еркімен қару-жарақты тапсырған жағдайда, азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді. Полиция қызметкерлері өткізілген қарулар бойынша төлемақы заңмен көзделгенін, – деп атап өтті олицейлер.
Алматы облысының полициясы осы шараға тұрғындарды бейжай қарамауға шақырады. Егер сізге заңсыз қару немесе оқ-дәрі сақтау деректері белгілі болса, 102 нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз.