ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ


Жексенбі күні, кешке қарай итімен серуендеуге шыққан Қонаев қаласының 31 жастағы тұрғынының айтуынша, демалып отырған кезде орындығында иттің қарғыбауы мен ұялы телефонын ұмытып кеткен. Бұл жайтты ол азамат үйіне жеткенде ғана байқаған.

Ал, сол мезетте Алматы облысы полиция департаментінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта сейілге шыққан екен. Орындықта қаруасыз залған заттарды байқап, бірден иесін табуға кіріскен. Телефон иесінің анасына қоңырау шалып, заттарын алып кетуін сұраған. Полицей телефон иесі келгенше сол жерде тапжылмай күтіп, қолына телефоны мен қарғыбауды табыстаған.

Риясыз алғысын білдірген Қонаев тұрғыны полиция өкілдеріне зор денсаулық, қызметтеріне табыс тілеп, баспасөз қызметіне хат жолдады.

Құрметті азаматтар! Облыстық полиция қоғамдық орындарда әрдайым сақ болып, жеке заттарыңызға ұқыпты болуды ескертеді.