
Талғар ауданының полицейлері Іле Алатауының шатқалында орналасқан «Маралсай» балалар сауықтыру лагеріне арнайы барып, тәрбиеленушілермен кездесті.
«Полиция – балалар қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен өткен іс-шара аясында тәртіп сақшылары балалар мен лагерь қызметкерлеріне жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, жолда, қоғамдық орындарда мен табиғатта өзін-өзі ұстау, төтенше жағдайлардың алдын алу, құқық бұзушылықтан сақтану жолдарын айтты.
Балалар полицейлерге өздерін қызықтырған сұрағын қойып, пайдалы кеңес алды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметі мен кәмелетке толмағандарды қорғау бағытындағы жұмыстар жайлы да ақпарат берілді.
Кездесу жылы әрі шынайы ықылысқа толы атмосферада өтті. Балалар тәртіп сақшыларымен естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен қуанышты әсерге бөленді. Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың полиция қызметіне деген сенімі мен құрметін нығайтады.