АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КИБЕРПОЛИЦИЯСЫ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КИБЕРПОЛИЦИЯСЫ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТТІ

2025 жылдың 12 маусымында басталған «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Бұл шара 30 маусымға дейін жалғасады.

Облыстық киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп бірнеше кездесу өткізіп, онда ең жиі кездесетін онлайн-алаяқтық түрлері, әлеуметтік инженерия тәсілдері, фишингтік схемалар туралы айтты. Сонымен қатар, жеке және іскерлік деректерді қорғау бойынша нақты кеңестер ұсынды.

– Цифрлық технологиялар дәуірінде әрбір интернет пайдаланушысы алаяқтар үшін әлеуетті нысан болып табылады. Әсіресе онлайн-төлемдер, цифрлық қызметтер мен ашық ақпаратпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер қауіп-қатерге бейім. Біздің мақсатымыз – азаматтардың осы бағытта сауатын арттырып, цифрлық гигиенаны қалыптастыру, – деді киберполиция өкілдері.

Кәсіпкерлер мен қоғам өкілдерімен тығыз байланыста жүргізілетін мұндай түсіндіру іс-шаралары киберқылмыстардың санын азайтуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Алдын алу – заманауи қауіп-қатерлермен күрестегі негізгі құрал.
Киберқылмысқа қарсы күрес алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.