GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
21 октября 2026
Сахнадан шыққан үн: Ақтөбелік оқушылар есірткісіз болашақтың бейнесін көрсетті

Ақтөбеде 200-ден астам жас жүрек бір мақсатқа жұмылды. Олардың сахнадағы әр сөзі мен әр қимылы — есірткіге қарсы үн және жарқын болашаққа жасалған қадам болды.
Ақтөбе қаласындағы №83 орта мектепте сахна өнері арқылы жас ұрпаққа ой салып, өмірдің қадірін ұғындыруға бағытталған ерекше шара өтті. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған «Есірткісіз болашақ» атты театрландырылған қойылымдар байқауы жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдап қана қоймай, маңызды әлеуметтік мәселеге назар аудартты.
Бұл жолы сахнада жай ғана көріністер қойылған жоқ. Мұнда тағдырлар сөйлеп, сезімдер сыр шертті.
Жоғары сыныптың 200-ден астам оқушысын біріктірген байқауда қатысушылар есірткінің адам өміріне әкелетін зардабын шынайы жеткізді. Театрландырылған қойылымдарда жеңіл жолды таңдаудың ащы өкініші, жақындарының сенімін жоғалтқан жастың күйзелісі мен перзентінің тағдырына алаңдаған ананың жан жарасы әсерлі бейнеленді.
Әрбір қойылым — ой салатын оқиға болды. Жас өнерпаздар өз рөлдері арқылы есірткінің тек бір адамның ғана емес, тұтас отбасының тағдырына әсер ететінін көрсетті. Көрерменге де маңызды сұрақ қойылды: болашағымызды қандай таңдау арқылы қалыптастырамыз?
Іс-шараның арнайы қонақтары — белгілі спортшы, әрі қоғам белсендісі Райса Байлиева мен полиция өкілдері оқушылардың өнерін жоғары бағалап, олардың ізденісі мен белсенділігін атап өтті. Қонақтар жастарға өмірлік құндылықтар, жауапкершілік және әрбір шешімнің салдары туралы ой салар ақыл-кеңестерін жеткізді.
Байқау қорытындысында тәжірибелі педагогтерден құралған қазылар алқасы қатысушы командаларға алғысхаттар табыстап, өнер көрсеткен оқушыларды түрлі номинациялар бойынша марапаттады.

Жергілікті полиция қызметі
21 октября 2026
Робот-ит оқушылардың қызығушылығын оятты

Цифрландыру дәуірінде заманауи технологиялар полиция қызметінің мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Мұғалжар ауданында полицейлер оқушыларға қызмет барысында қолданылатын жаңа технологияларды таныстырып, ерекше жаңашылдықтың куәсі болуға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында балалар робот-итпен танысып, оның мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай кездесулер оқушылардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттырып, полиция қызметі туралы танымын кеңейтеді.

Әкімшілік полиция
20 октября 2026
Қауіпсіздік қызметіндегі ұшқышсыз ұшақтар

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шараларды күшейтті.
Жол апаттарының алдын алу мен жолын кесуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар аясында олар жол қозғалысын әуеден бақылау үшін бейнекамералармен жабдықталған дрондарды пайдалана бастады.
Қазіргі уақытта патрульдік полиция ұшқышсыз аппараттарды қала сыртындағы жолдардың қозғалыс қарқыны тығыз, әрі апаттық қауіпті учаскелерінде қолданып жатыр.
Полицейлердің мәліметінше, облыста жыл басынан бері 1497 жол апаты орын алса, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда орын алған қайғылы жол апаттарының 80 пайызы жүргізушілердің қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығуы салдарынан болған. Сол себепті әуеден бақылау кезінде әсіресе, бұзушылықтың осы түрін анықтау - полицияның ерекше назарында.
Жыл басынан облыс аумағында әуеден бақылау арқылы қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан 600-ден астам жүргізуші анықталды.
«Бүгінгі күні Ақтөбе полициясы дрондармен жабдықталған.

Жергілікті полиция қызметі
20 октября 2026
Ақтөбеде бір апта ішінде ірі көлемді қоқысты заңсыз төгуге қатысты 30-ға жуық дерек анықталды

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу полицияның басты назарында.
Соңғы бір апта ішінде полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарға ірі көлемді қоқыс тастаудың 30-ға жуық дерегін анықтады.
Анықталған деректер бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуда.
Полиция құрылыс қалдықтарын, ескі жиһаздарды және өзге де ірі көлемді қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастау санитарлық талаптарды бұзатынын ескертеді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау жұмыстары жалғасуда. Полиция тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Жергілікті полиция қызметі
19 октября 2026
Ақтөбе облысында «Қауіпсіз үй» ЖПІШ аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 90 дерегі анықталды

Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтардыңалдын алузаң талаптарының сақталуынқамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздіктінығайту мақсатындаҚауіпсіз үйжедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Іс-шара барысында полиция қызметкерлерікөші-қон заңнамасының сақталуынашетелазаматтарының тұратын орындарына жәнеолардың Қазақстан Республикасыныңаумағында болу тәртібіне ерекше назараударды

Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 90 дерегі анықталдыОның ішінде ел аумағындазаңсыз жүрген 71 шетел азаматы анықталдыОлардың 37-сіне қатысты сот тәртібімен елденшығарып жіберу үшін құжаттарды рәсімдеужұмыстары ұйымдастырылды

Сонымен қатар іс-шара аясында ерекше назараударуды қажет ететін 841 мекенжайанықталыпоның 660-ында кешендіпрофилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жалға берілетін тұрғын үйлерді тексерубарысында 55 дерек анықталыптиісті ақпаратмемлекеттік кірістер органдарына жолданды

Іс-шара барысында азаматтық қару иелерінің 1 014-і тексерілдіТексеру нәтижесінде қарудысақтау қағидаларын бұзудың 7 дерегі және оны тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімдерінбұзудың 1 дерегі анықталдыЗаңбұзушылықтар бойынша 51 қару бірлігітәркілендіСондай-ақ тіркелмеген екі атысқаруы анықталыптәркіленді

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында да жұмыстар жүргізілдіНәтижесінде 54 жасөспірім ұсталдыОның біреуі алкогольдікішімдіктер ішкені немесе мас күйде жүргеніүшінсегізі заңды өкілдерінсіз ойын-сауықорындарында болғаны үшін анықталды. Ал 11 кәмелетке толмаған жасөспірім бейімдеуорталығына орналастырылды

Қауіпсіз үйжедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсатыкөші-қонзаңнамасының сақталуын бақылауқұқықбұзушылықтардың жолын кесуқоғамдықтәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету

Ақтөбе облысы Полиция департаментішетел азаматтарын ҚазақстанРеспубликасының заңнамасын сақтауға, ел аумағында болу мерзімдерін бақылауғажәне қажетті құжаттарды уақытылырәсімдеуге шақырады

Жедел-криминалистикалық қызмет
19 октября 2026
Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық 20 пайызға төмендеді

 

Азаматтардың қырағылығы мен уақтылыәрекет етуі интернет-алаяқтықтың алдын алуғамүмкіндік беруде Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық деректерінің тіркелуі 20 пайыздан астамғатөмендедіБұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары СерікШалхаров дәстүрлі брифинг барысында мәлімдеді

Оның айтуынша, интернет-алаяқтыққылмыстарын анықтау және жолын кесу бағытындағыжұмыстар жалғасудаҚабылданып жатқаншаралардың нәтижесінде осы санаттағы қылмыстарғақатысы бар 64 адам ұсталдыОлардың 20-сының қылмыстық әрекеттің 134 дерегіне қатысы бары анықталды

Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынғанақшаны аудару және қолма-қол ақшаға айналдыруүшін өздерінің банк шоттары мен карталарынұсынатын дропперлерді анықтауға ерекше назараударылудаӨңірде 1 300-ден астам дропперанықталдыАталған фактілер бойынша 74 қылмыстық іс қозғалды

Брифинг барысында Серік Шалхаровазаматтардың қырағылығының арқасында алаяқтықәрекеттердің дер кезінде анықталыпматериалдықшығынның алдын алуға мүмкіндік бергенжағдайларды да атап өтті

Мәселенбиыл жазда Ақтөбе қаласының 56 жастағы тұрғынына өзін жеткізу қызметі мен банк қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдарқоңырау шалғанОлар әйелді жалған несиерәсімдеуден қорғаймыз деп алдапекі бөлмелі пәтеріннарықтық бағадан едәуір төмен бағаға сатуғакөндірген

Алайда жылжымайтын мүлік агенттігініңменеджері мәміледегі күмәнді жайттарға назараударыпалаяқтық белгілерін байқағанОл дереуполицияға хабарлаған Менеджердің қырағылығымен уақтылы әрекетінің арқасында пәтерді сатуғажол берілмеді

Полиция департаменті облыс тұрғындарын сақболуға шақырадыАзаматтарға SMS арқылы келетінрастау кодтарын және банк карталарының деректерінбөгде адамдарға бермеубелгісіз шоттарға ақшааудармаусондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатыстыірі мәмілелер жасау кезінде асығыс шешімқабылдамау ұсынылады

Жеке құраммен жұмыс
09 октября 2026
Заңды құрметтеу – тәртіптен басталады: Мұғалжарда жастармен кездесу өтті

Мұғалжар ауданында жоғары сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттауға және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптары таныстырылды.
Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторлары, полиция аға лейтенанттары Ерасыл Амангелді  мен Нұрлыхан Мұханбетов  қатысты.
Амангелді Ерасыл – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен әлем чемпионы. Мұханбетов Нұрлыхан – қазақ күресінен спорт шебері, ІІМ кубогының чемпионы және ІІМ чемпионатының үш дүркін жеңімпазы.
Чемпион полицейлер оқушыларға өздерінің спорттағы жетістіктері мен қызметтік жолы туралы айтып, тәртіп, табандылық пен еңбектің маңызын атап өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция мамандығы туралы пайдалы ақпарат алды.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып, елге қызмет етуге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған.

Әкімшілік полиция
08 октября 2026
Ақтөбеде көлік кептелісін бақылауға дрондар жұмылдырылды

Ақтөбе қаласында көлік қозғалысы қарқынды кезеңдерде жолдағы жағдайды бақылау үшін патрульдік полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануда, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қарбалас уақытта негізгі көшелер мен даңғылдарда көлік ағыны артып, жекелеген учаскелерде қозғалыс баяулап, кептеліс пайда болуы мүмкін. Осындай сәттерде дрондар жол жағдайын әуеден бақылап, көлік шоғырланған учаскелерді жедел анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, Молдағұлова даңғылы бойындағы қиылыстардың бірінде жолдағы жағдай дрон арқылы әуеден бақыланады. Бұл тәсіл көлік ағынын кең ауқымда бағалап, кептелістің себептері мен қозғалысқа кедергі келтіретін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Әуеден алынған ақпарат патрульдік полиция экипаждарына жедел жеткізіледі. Қажет болған жағдайда қызметкерлер қозғалысы қиындаған учаскелерге бағытталып, жолдағы жағдайды реттеу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану патрульдік полицияның жол ахуалын бақылау мүмкіндігін кеңейтеді. Әуеден бақылау арқылы бір мезетте бірнеше учаскедегі көлік қозғалысын бағалап, көлік ағынындағы өзгерістерге жедел ден қоюға болады. Бұл ретте дрондар жол қозғалысын бақылаудың қосымша құралы ретінде қолданылады. Негізгі мақсат – кептелісті дер кезінде анықтап қана қоймай, оның салдарын азайтып, жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай қалыптастыру. Заманауи технологияларды полиция қызметіне енгізу патрульдік полиция жұмысының тиімділігін арттырып, қаладағы көлік қозғалысын жедел әрі тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Полицияның басты мақсаты – жолдағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету.

Жергілікті полиция қызметі
08 октября 2026
Ақтөбе облысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Ақтөбе облысы полиция департаментінде білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке күзет ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Жиынға полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов төрағалық етті. Кездесуде мектептер мен колледждердегі күзет қызметін ұйымдастыру, қызметкерлердің біліктілігі және қауіпсіздік жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі мәселелері талқыланды. Жеке күзет ұйымдарына күзетшілерді іріктеу кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтау тапсырылды. Атап айтқанда, 60 жастан асқан азаматтарды қызметке қабылдауға жол бермеу, қызметкерлердің тиісті даярлықтан және біліктілігін арттырудан өтуін, сондай-ақ күзетші куәлігінің болуын қамтамасыз ету міндеттелді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына бекітілген полиция қызметкерлерімен тұрақты байланыста болу тапсырылды. Өткізу бекеттерінде оқушылардың тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына алып кіруіне жол бермеу, нысандағы барлық бейнебақылау камераларына, оның ішінде "соқыр аймақтарды" қамтитын камераларға қолжетімділікті қамтамасыз ету және күзет бөлмелерін байланыс құралдарымен жабдықтау қажеттігі айтылды. Кез келген төтенше жағдай немесе құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда құзырлы органдарға дереу хабарлау талап етілді. Полиция департаментінің басшылығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша жеке күзет ұйымдарына білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту және барлық қауіпсіздік жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда жауапкершілік шаралары қолданылып, күзет қызметін көрсету шартын бұзу мәселесі қаралатыны ескертілді.




Жергілікті полиция қызметі
06 октября 2026
Ақтөбе облысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу күшейтілді

Ақтөбе облысында полиция отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды күшейтіп жатыр.  Ақтөбе облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жанжалдарға жол бермеу және қиын жағдайға тап болған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері полицияға отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға қатысты 4 700-ден астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде 187 жағдайда әйелдер полициядан бірнеше рет көмек сұраған. Әрбір өтініш бойынша тиісті тексеру жүргізіліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда. Отбасылық жанжалға және құқыққа қайшы әрекеттерге бейім азаматтарға профилактикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері 3 900-ден астам азаматқа қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған. Учаскелік полиция инспекторлары олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіп, белгіленген талаптардың сақталуын бақылауда ұстайды. Қажет болған жағдайда заңда көзделген қосымша шектеулер қолданылады.


Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы