26-27 тамызда Ақтөбе облысында республикалық "Жолдағы қабылдау" акциясы өткізілуде

26-27 тамызда Ақтөбе облысында республикалық "Жолдағы қабылдау" акциясы өткізілуде

Ақтөбелік полицейлер республикалық "Жолдағы қабылдау" акциясының алғашқы күнінде 200-ден астам азаматқа кеңес берді.

26-27 тамызда Ақтөбе облысында республикалық "Жолдағы қабылдау" акциясы өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты -халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру, соның ішінде Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша консультативтік және құқықтық қолдау көрсету.

Іс-шара аясында әкімшілік полиция, жергілікті, қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні полицейлер 200-ден астам азаматты қабылдап, оларға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтарды қабылдау сағат 9-дан 17-00-ге дейін Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында жүзеге асырылады. Ақтөбеде жолдағы қабылдау сағат 9-дан 17-00-ге дейін 6 жерде жүргізіледі. Облыс аудандарында акция халыққа көмек көрсету орталығының алдында және Әйтеке би ауданындағы тас жолда өткізілуде.

Сондай-ақ, 8 (7132) 936 - 139 жедел желі телефоны бойынша хабарласуға да болады.