Ақтөбеде полиция электронды темекі сатушыны ұстады

Ақтөбеде полиция электронды темекі сатушыны ұстады

11 қыркүйекте полиция қызметкерлері сатуға тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 32 жастағы азаматты ұстады.
​Ер адам өзінің сауда қызметін Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы жүзеге асырған.
​Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда тәртіп сақшылары 400-ден астам бірреттік темекі, 300-ден астам сұйықтық пен оларды тұтынуға арналған картриджді тауып, тәркіледі.
​Шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.