ВНИМАНИЕ МОШЕННИКИ!!!

ВНИМАНИЕ МОШЕННИКИ!!!

Соңғы уақытта телефон арқылы алаяқтық жасау жағдайлары жиілеп кетті. Өткен аптада облыста 40 интернет-алаяқтық тіркелді.
Алаяқтар, көбіне, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып хабарласады. Қоңырау шалған кезде алаяқтар азаматтың шоттарына жаппай шабуыл жасалғанын хабарлайды. Ақшаны қорғау үшін оны “қауіпсіз шотқа” аудару қажет екенін айтады.
Бұл ретте қаскүнемдер өз әрекеттері туралы ешкімге хабарламауға шақырады: банк қызметкерлеріне де, тіпті туыстары мен достарына да айтпау керектігін, себебі олардың да қатысы болуы мүмкін екенін айтады.
Осындай алаяқтыққа ақтөбелік азамат тап болды. Оның телефонына “WhatsApp” мессенджері арқылы өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласқан. Қоңырау шалушы алаяқтар оның атына ақшалай несие рәсімдеп жатқанын айтып алдап, мұны тоқтату үшін “AvvalDeck” бағдарламасын орнату керек екеніне сендірген. Нәтижесінде жәбірленушіге 2 млн 900 мың теңге сомасында несие ресімдеген.
Алаяқтықтың тағы бір кең таралған түрі - телефонға “Актив” және “Билайн” өкілдері болып қоңырау шалу. Алаяқтар азаматтарға хабарласып, SIM-картасының жарамдылық мерзімі аяқталғанын хабарлайды. Мерзімін ұзарту үшін телефонға келген SMS кодты айтуды сұрайды. Әйтпесе, SIM-картаның бұғатталатынын жеткізеді.
Осылайша, алаяқтар байланыс операторының веб-сайтындағы жеке кабинетке кіреді және Сізге келген хабарламаларды өздеріне бағыттай алады. Осындай алаяқтыққа 53 жастағы ақтөбелік тап болып, алаяқтар оған 300 мың теңге несие рәсімдеген.
Полиция департаменті Сізге осындай қоңыраулар түскен жағдайда, әңгімені дереу үзіп, 102 телефоны бойынша алаяқтық фактісі туралы хабарлау қажеттігін ескертеді.