Негізінен велосипедтерді көп қабатты үйлердің баспалдақ алаңдарынан және жеке меншік үйлердің аулаларынан жұмыс күндері ұрлайды, өйткені азаматтар өздерінің велосипедтерін қараусыз қалдырады және өз мүлкін сақтау үшін тиісті шараларды қолданбайды.
Ұрлықтан қорғаудың ең жақсы әдісі велосипедті қараусыз қалдырмау. Түрлі құлыптар, дабылдар және басқа да тәсілдер ұрлық жасаудың алдын алудың уақытша кедергісі.
Мысалы, 13 маусым күні сағат 20:30-да Қарғалы ауылы, 8 Наурыз көшесіндегі үйдің ауласында "Hammer"с порттық велосипедін жасырын түрде ұрлап кеткен. Учаскелік полиция инспекторы іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрланған велосипедті тәркілеп, Ақтөбе қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта велосипед ұрлығының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері «Велосипед» ақпараттық іздеу картасының базасын құрды. Бұл базаға ерекше белгілері, маркасы, типі, түсі, жасалған жылы, рама нөмірі , иесі туралы мәлімет, өндіруші елі және т.б. қосымша ақпараттар енгізіледі.
Аталған іс-шаралар велосипед ұрлығын ашуға полицияға көмектеседі, өйткені велосипед кімге тиесілі рама нөмірлері бойынша білуге болады. Велосипедтерді сату орындарында сауда орындарының иелерімен ұрланған жағдайда енгізілген нөмір бойынша одан әрі табу үшін жасырын орындарда жеке нөмір бере отырып, жаңа велосипедтерді есепке қою қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.