
Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, кәмелет жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде және ойын-сауық орындарда заңды өкілсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке томағандарға алкагольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау,сондай-ақ ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында қала аумағында Жасөспірім жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Аталған жоспарлы жедел-профилактикалық іс-шара барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда,саябақтарда жастар көп жиналатын көңіл көтеру және ойын-сауық орындарында рейдтік шара жұмыстарын жүргізді.Іс- шараның нәтижесі бойынша 237 Әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы қалалық полиция бөлімшелеріне 219 жасөспірім, оның ішінде 210 тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағ.23.00 ден 06 дейінгі аралықта болуына байланысты жеткізілді. 10 ата- ана бала тәрбиесі бойынша өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауакершілікке тартылды.ІІБ-ң есебіне 28 кәмелетке толмаған жасөспірімдер және 24 қолайсыз отбасы енгізілді.
Сонымен қатар Ақтөбе қаласы ПБ-ның ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары жол патрулдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жазғы маусымда жасөспірімдермен кездесетін төтенше жағдайларды болдырмау, алдын-алу мақсатында су жағажайларында жадынама тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлық ата-аналарды балаларын судың қасында қараусыз қалдырмауға шақырады.