Ақтөбе облысында тіркелмеген мылтық үшін аңшыға айыппұл төлеу қаупі төніп тұр

Ақтөбе облысында тіркелмеген мылтық үшін аңшыға айыппұл төлеу қаупі төніп тұр

"Қарда жүргіш" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Ақтөбе-Астрахань тас жолында Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының маңында 50 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз-2114 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде автокөлікте болған Темір ауданының үш тұрғыны рұқсат құжаттарынсыз қояндарды атып алғаны анықталды. Көліктің салонынан полицейлер 2 тегіс ұңғылы аңшылық мылтықты тауып, тәркіледі. Белгілі болғандай, мылтықтар ішкі істер органдарында тіркелмеген.
Қаруды заңсыз пайдаланғаны және заңсыз аң аулағаны үшін құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауап беруге тура келеді.
Аталған іс-шара басталғаннан бері аң аулау ережелерін 66 бұзушылық, балық аулау ережелерін 8 бұзушылық анықталды. Заңсыз аң аулаудың 2 фактісі тіркелді және ашылды.