Көлікті ішімдік ішкен күйде жүргізу-сөзсіз зұлымдық

Көлікті ішімдік ішкен күйде жүргізу-сөзсіз зұлымдық

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілермен үнемі рейдтермен түсіндірме жұмыстарын өткізіп тұрады. Бұл іс-шаралар өзінің оң нәтижесін бергенімен, мәселе өкінішке орай қалып отыр. Мысалы, 12 мамыр күні сағат 01.20 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Жанақоныс ауылының Советская көшесі мен Алматы көшесі қиылысында басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, мас күйінде көлік құралын басқарған 28 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Газель" (ресейлік есептегі) автокөлігі тоқтатылды. Сол күні Маметова көшесі мен Әбілхайыр хан даңғылының қиылысында бұрын басқару құқығынан айырылған 35 жасар есірткі пайдаланған жүргізушінің басқаруындағы "Ваз-21115" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Қазіргі уақытта екі жүргізуші де Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау жүргізушілердің мемлекет белгілеген шектеуді қасақана елемеу болып табылады, бұл ретте жүргізушінің іс-әрекеті азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерге: өз өміріне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеуді, ешқашан және ешқандай жағдайда да алкогольдік мас күйінде рөлге отырмауды өтінеді!