Ағымдағы жылдың 10 мамырында Ақтөбе қаласының 12 шағын ауданындағы №62 үйдің ауласында учаскелік полиция инспекторы қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкен екі ер адамды байқаған

Полиция қызметкері жақындап келіп, азаматтарға олардың әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын және соған сәйкес хаттама толтыру үшін  учаскелік бөлімге бару қажеттігін айтты.

Екі ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты. Полиция қызметкері жақындағанда, бір ер адам бұрылып, бет тұсынан 2 рет ұрған. Нұр-сұлтан қаласының 52 жастағы тұрғынына қатысты 380 бабы 1 тармағы бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды(Билік өкіліне қатысты күш қолдану). Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екінші құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 440 (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу), 478 (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.