
2024 жылы Парижде өтетін XXXIII жазғы олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасына Ақтөбе облысы полиция департаментінің екі қызметкері енгізілді. Спортшы полицейлердің бірі - 31 жасар Есет Қуанов болса, екіншісі – 29 жастағы Мирамбек Айнағұлов. Қос палуан да талай байрақты бәсекелерде ел мәртебесін биікке көтеріп, жеңіс тұғырына көтеріліп жүрген жігерлі жігіттер.
Мейрамбек Айнағұлов - Ақтөбе облысының Шалқар ауданының тумасы, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионатының 4 дүркін, Азия ойындарының 1 дүркін жүлдегері.
Есет Қуанов - Ақтөбе қаласында туып-өскен, самбо және дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан әлем чемпионы, 3 дүркін Қазақстан чемпионы, әлем кубогының 5 дүркін чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері. Сондай-ақ, дзюдодан Азия кубогы мен Еуропа кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы.
Спорттық додаларда егемен ел мерейін асқақтатып жүрген ақтөбелік сақшылар М.Айнағұлов пен Е.Қуанов қазіргі уақытта еліміздің олимпиадалық құрамы сапында оқу-жаттығу жиындарына қатысуда.