Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 766 тәртіп бұзушылық анықталды

Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 766 тәртіп бұзушылық анықталды

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

22 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 626 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 732 құқық бұзушылық, оның ішінде 162 адам қамауға алынды, 202 айыппұл салынды, 332 ескерту жасалды, 27 материал сотқа жіберілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 34 бұзушылық анықталды, оның ішінде 17 айыппұл салынды, 17 қамауға алынды.

Мысалы, Әбілхайыр хан даңғылында полицейлер 59 жасар ер адамды тоқтатты, ол қоғамдық орында мас күйінде карантин режимін бұзған. Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы 6 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік сот құқық бұзушы 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтардың саны 34-ге жетті. Сонымен қатар 100 астам автокөлік айыппүл тұрағына жабылды.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.