
Ақтөбе облысында ағымдағы жылғы 15-31 мамыр аралығында "Назар аударыңыз балалар!» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы отуде
Жедел профилактикалық іс-шарасының төрт күнінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 1300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде алдыңғы орындықтарда балаларды ұстау құрылғыларын пайдаланбағаны үшін 100-ден астам және жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 130 құқық бұзушы анықталды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін сақтауға, жолдарда қырағылық пен ұқыптылықты сақтауға шақырады.