
Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
11 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 291 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) - 266 бұзушылық, оның ішінде 62 адам қамауға алынды, 113 айыппұл салынды, 36 ескерту жасалды, 48 материал сотқа жіберілді, 7 тоқтатылды.
ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 25 бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 айыппұл салынды, 10 қамауға алынды және бір материал сотқа жіберілді.
Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 16 анықталды, оның ішінде 4 адам қамауға алынды, 2 айыппұл салынды және 10 материал сотқа жіберілді.
Мысалы, 10 сәуір күні Рысқұлов көшесінде Нұрсити мекен-жайында тұратын 44 жастағы ер адам тоқтаған, ол ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағын бұзған (ТЖ режимін бұзу). Мамандандырылған әкімшілік сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
#ақтөбелікполицейлер