
Азаматтардың блок бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері бар, 16 осындай бұзушылық анықталды, олардың ішінде 4 адам қамауға алынды, 2 адамға айыппұл салынды, ал қалған материал сотқа жіберілді.
Мәселен, 9 сәуірде Атырау облысының 32 жастағы тұрғынына полицейлер Байғанин ауданындағы Ақтөбе-Астрахан тас жолында орналасқан негізгі жол тосқауылынан айналып өтіп, Ноғайты елді мекеніне кіруге ниеттенгені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа шешім шығару үшін жіберілді.
Полиция департаменті азаматтардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Бұл шаралардың барлығы инфекцияның таралуын болдырмау үшін жүргізілуде. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, жеке қорғаныс құралдарын киіңіз және аса қажетсіз сыртқа шықпаңыз. Өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз.