Ағымдағы жылдың 06 сәуір күні сағат 21.00-ден бастап Ақтөбе облысында ерекше өкімге дейінгі карантиндік кезең енгізілді.

Ағымдағы жылдың 06 сәуір күні сағат 21.00-ден бастап Ақтөбе облысында ерекше өкімге дейінгі карантиндік кезең енгізілді.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жеке құрамының қала және облыс бойынша блокпост нысандарда күшейтілген режімде қызмет атқаруда. Ең бастысы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің халықпен дөрекі сөйлесу фактілеріне жол бермеу.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылық фактілеріне жол берілген жағдайда, азаматтар Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына сенім телефоны 52-16-91 (өтініш білдірген кезде өтініштің мәнін, сауалнамалық деректерді және телефон нөмірін көрсету қажет) арқылы хабарласа алады, ол тәулік бойы жұмыс істейді немесе ватсап желісі бойынша ұялы телефон нөміріне 8-771-768-60-57 жаза алады.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің
Өзіндік қауіпсіздік басқармасы