
Жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында Ақтөбе-Орск бағытындағы Республикалық маңызы бар автожолында "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізу кезеңінде Қарғалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері "Әлімбет" шекара бекетіндегі өкілдермен бірлесіп "Жолда қабылдау " акциясын ұйымдастырды. Акция барысында шет мемлекеттердің жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігін насихаттау бойынша ақпараттық жұмыстары жүргізілді.