
Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылдың 24-28 ақпан аралығында заңсыз сатып алумен, өткізумен, союмен, мал және ет өнімдерін тасымалдаумен айналысатын тұлғаларды анықтауға және есепке қоюға, сондай-ақ бұрын жасалған мал ұрлығын ашуға және оларға қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған "мал ұрлығы" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 11 мал ұрлығы фактісі ашылды, оның ішінде 8-і "өткен жылдардың", 2-і бұрын жасалған және 1-і кезекші тәулікте ашылған қылмыс, 1-і мал ұрлығы тіркелді.
Мысалы, Шалқар ауданында екі жыл бұрынғы түйе ұрлығы ашылды. 2018 жылы еркін жайылымнан түйе ұрланды. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасы аясында 106 автокөлік, 50 ет өнімдерін сату орны және 135 шаруа қожалығы тексерілді.
Мал және ет өнімдерін тасымалдау кезінде жалпы 30 хаттама толтырылып, ветеринарлық қызметке жіберілді.
Мал ұрлығы үшін 12 адам, 2 қылмыстық топ ұсталып, 13 адам есепке алынды.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері ауыл шаруашылығы жануарларын жергілікті атқарушы органдар құрған арнайы қораларға орналастыру бойынша 5 дерек бар.