
Ресей Федерациясының азаматына полиция қызметкеріне пара беруге тырысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
8 қарашада Заречный елді мекенінде ЖҚЕ бұзғаны үшін 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Volvо - FN» жүк автокөлігі тоқтатылған. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 2-бөлігі бойынша жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін полицияға пара ұсынған. Полиция қызметкері қызметтік борышын атқара отырып, ақшадан бас тартқан. Принципті берік ұстанған полицей сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өзінің тікелей басшылығына және Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігімен "Пара беру" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция департаменті заң бойынша лауазымды адамға пара бергені үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін саптық бөлімшелердің барлық қызметкерлері портативті киілетін бейнетіркегіштермен жабдықталған.