Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 355 пәтер ұрлығы тіркелді

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 355 пәтер ұрлығы тіркелді

Қылмыстық кодексте азаматтардың меншігіне қарсы қылмыстар қарастырылған. Ықпал ететін негізгі себеп – меншік иелерінің жеке мүліктің сақталуына ұқыпсыз және жауапсыз қатынасы.
Мысалы, ағымдағы жылдың 10 тамызында қалалық полиция бөліміне 38 жастағы жергілікті тұрғын пәтер ұрлығы туралы өтінішпен жүгінген. Әйелдің айтуынша, ұрылар үйге балкон арқылы кірген. Пәтер иесі ұрлық болғанын байқаған, жалпы сомасы 500 000 теңге болатын алтын бұйымдар қолды болған.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.
Жыл басынан бері облыс бойынша 355 пәтер ұрлығы тіркелген, ал қала бойынша 384 пәтер ұрлығының 180-нен астамы ашылған.
Сондықтан Ақтөбе облысының Полиция департаменті алдын алу мақсатында азаматтардан барлық қажетті шараларды қабылдауды сұрайды. Дабыл, сенімді құлыптар, сондай – ақ көршілермен жақсы қарым-қатынас орнату – бұл пәтер ұрлығының алдын алуға жәрдемдеседі. Үйді немесе пәтерді ұзақ уақытқа қараусыз қалдырған кезде, көршілеріңізге айтып кетіңіздер. Сонымен қатар, терезелерді жабуды ұмытпау керек, ал есіктерді бірнеше құлыппен бекітіңіз. Егер пәтер ұрлығы жасалған болса, дереу полицияға хабарласу қажет.