
Ағымдағы жылғы 27-30 маусым аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері қоғамдық көлік пен такси жүргізушілері тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтті.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар кезеңінде автобус және такси жүргізушілері жол берген 336 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде тасымалдау ережелерін бұзудың 97 дерегі тіркелді, көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған 44 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған 49 жүргізуші анықталды.