Лагерь балаларына пайдалы экскурсия ұйымдастырылды

Лагерь балаларына пайдалы экскурсия ұйымдастырылды

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мұражайында «Моя профессия» лагерінің балаларына пайдалы экскурсия ұйымдастырылды.
Мұражай меңгерушісі Бибіайша Утеулина студенттерге экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында қазақстандық полицияның құрылу жолы, полиция қызметкерлерінің қызмет барысындағы ерліктері туралы айтылды. Қазіргі уақытта мұражайда экспонаттар көп – бұл құжаттар, тарихи кітаптар, әскери қару-жарақ, қызметкерлердің жеке заттары және т.б.
Мұражай экспозициялары мен қызықты әңгіме балаларға ұнады.
Мұражайдан кейін балаларды Жедел басқару орталығына апарды. Қаладағы барлық бейне бақылау камераларын көріп, балалар мәз-мейрам болды.