Ақтөбе облысының ПД-да полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратылуы өтті

Ақтөбе облысының ПД-да полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратылуы өтті

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6655 әскери бөлімінің плацында полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратылуы өтті.
Саптық байқау өткізілді, онда облыстық ПД бастығы Абай Жусупов азаматтармен сыпайы және мұқият қарым-қатынас жасауды, қызметтік міндеттерін атқаруда сервистік тәсіл, бірінші кезекте халыққа барлық жағынан көмек көрсетуді және Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының талаптарын орындау туралы нұсқау берді.
Сонымен қатар, автокөліктердің техникалық жағдайы мен сыртқы түріне, олардың авариялық-құтқару құралдарымен жабдықталуына тексеру жүргізілді.