2021 жылы жолдағы жануарлар 7 жол апатына себеп болды

2021 жылы жолдағы жануарлар 7 жол апатына себеп болды

Иесіз жайылып жүрген малдың жолдың жүріс бөлігінде жүруі бізде сирек кездеспейді. Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған, оның ішінде үй жануарларының, атап айтқанда жылқылардың, сиырлардың және т.б. қатысуымен тұрақты негізде бірқатар іс-шараларды (билбордтар, плакаттар орнату, мал иелеріне түсіндіру, Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мал қамайтын орындар ашу) қолға алуда.
Мәселен, 2022 жылдың 14 ақпанында түнгі сағат 11-де "Солтүстік айналма жол" автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды, яғни жылқыны қағып кетті.
Жол апатынан жылқы өліп қалды, "Ваз-2110" маркалы автокөлігінің жүргізушісіне материалдық шығын келтірілген.
Жылқы иесінің жеке басы анықталып, ҚР ӘқБТк 408 бабының 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақтөбе облысы ПД бастығы Абай Жүсіповтың айтуынша, 2021 жылы жолдағы жануарлар 7 жол апатына себеп болды, онда 12 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Арнайы мал қамайтын орындарға қараусыз қалған 5 мыңнан астам үй жануарлары орналастырылған. 864 мал иесіне қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғалды.
Сонымен, жол бойында жануарды кездестіру сирек емес. Сондықтан Сіз белгіленген жылдамдықты ұстануыңыз керек, әрқашан мұқият болыңыз.
Мал иелеріне өз кезегінде малды қараусыз қалдыруға болмайды.
Аталған барлық талаптарды сақтау қайғылы салдардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Жолда абай болыңыздар!