"Дәрмек" жедел-алдын алу операциясының төртінші кезеңі өткізілді

"Дәрмек" жедел-алдын алу операциясының төртінші кезеңі өткізілді

Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 03 желтоқсаны аралығында кең ауқымды "Дәрмек" жедел-алдын алу операциясының төртінші кезеңі өткізілді.
Шара барысында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды емес айналымына байланысты 4 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде есірткі құралдарын сақтауды бұзудың 1, есірткі құралдарын өткізудің 2, есірткі құралдарының контрабандасының 1 дерегі, 2 медицина қызметкеріне әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.
Мысалы, ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Хромтау ауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде фармацевтикалық қызметпен байланысты қызмет түріне тиісті лицензиясыз медициналық препараттарды сату дерегі анықталды. 22 пакет дәрілік препараттар алынды.
Аталған дерек негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабының 1-бөлігі "Заңсыз медициналық (немесе) фармацевтикалық қызмет" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.