
Ағымдағы жылдың 14 тамызында сағат 14.00-де Ақтөбе қаласының "Спецавтобаза-2" Бау-бақша ұжымында "Газель" (борттық) автокөлігі өртенді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі жіберілді. Өртеушілер 5, 6 және 7 жастағы үш көрші балалар болып шықты. Балалар автокөлік бортында ойнап, орындықтағы губканы өртеп жібергенін түсіндірді. Машина толығымен жанып кеткен. Балалардың бұзақылықтары үшін ата-аналары жауапқа тартылатын болады.
Ата-аналардың назарына!
Балаларыңыздың мінез-құлқын бақылаңыз. Барлығы кішкентай кезінен басталады. Сіріңкелер мен оттықтарды жасырып, оттың салдары туралы үнемі айтып отыру керек.
Бала үшін ата-аналары жауапты. Бұл олардың келтірілген зиянды өтейтіндігінде ғана емес. Мәселе тәрбиелеуде. Балаларға не жақсы және не жаман екенін тек мектеп қана емес, анасы мен әкесі де түсіндіруі керек. Тиісті көңіл бөлмеудің салдарынан балалар әлемді өз бетінше тани алады.