
Құрметті азаматтар «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы көрсетіледі. Аталған қызмет ҚР ІІМ 2020 жылғы 27 наурыздағы №259 бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес көрсетіледі. Аталған қызметті алу үшін азамат қажетті құжаттар тізбесімен Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке өзі баруы қажет:
1) өтініш-сауалнама (ХҚКО ғимаратында толтырылады).
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты (жасына қарамастан барлық азаматтардың паспорты), он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; азаматтығы жоқ адамның куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).