Көше-жол желісіне және теміржол өтпелеріне кешенді көктемгі тексеру жүргізеді

Көше-жол желісіне және теміржол өтпелеріне кешенді көктемгі тексеру жүргізеді

      Әкімшілік полицияның жол және техникалық инспекциясының қызметкерлері ІІМ-нің 2016 жылғы "22" шілдедегі № 757 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 20 маусым аралығында автомобиль жолдарына, елді мекендердің көше-жол желісіне және теміржол өтпелеріне кешенді көктемгі тексеру жүргізеді.

    Кешенді тексеру басталғаннан бері автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына, елді мекендердің көше-жол желісіне және теміржол өтпелеріне 300-ден астам тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 250 ұйғарым берілді, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың жолдарды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК 631-бабы бойынша 40 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Ағымдағы жылдың 4 айында барлығы 1090 тексеру жүргізілді, олар бойынша анықталған кемшіліктерді (ақауларды) жою бойынша 1000 нұсқама берілді. Жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін 136 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

     Сонымен қатар, Ақтөбе облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін зерделеп, жүргізушілерді қала сыртындағы автожолдарға шығу кезінде жылдамдық режимін сақтауға, оның қауіпсіздігіне көз жеткізбей басып озбауға шақырады.