
Атығай Арыстанов жергілікті аудандық полиция бөлімінің бастығы Зиятдин Күнбасовтың халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты.
Аудандық бөлімше басшысы қатысушыларға аудандағы криминогендік жағдайды жеткізді.
Облыстық ПД бастығы мал ұрлығы мен мал жаюды ұйымдастыру мәселесіне назар аударды. Ағымдағы жылдың басынан бері ауданда мал ұрлығының 6 фактісі тіркелді.
Атығай Арыстанов аудан басшылығына осы мәселеге ерекше назар аударып, мал ұрлығы жағдайын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауды ұсынды.
Сонымен қатар, жол-көлік жарақатының жай-күйіне және олардың салдарының ауырлығына назар аударылды.
Сондай-ақ, ауданда маскүнемдік пен алкоголизмнің алдын алу мәселелері қаралды.
Полиция басшысы қатысушыларға ағымдағы жылы цифрландыру аясында аудан орталығының көшелерінде және қоғамдық орындарында полиция бөлімінің кезекші бөліміне біріктірілген 30 бейнебақылау камерасы орнатылатынын жеткізді.
Полиция департаментінің бастығы талдау жүргізіп, орын алған мәселелерді шешуге кірісуді тапсырды.
Кездесу барысында Атығай Арыстанов залдан және тікелей эфир кезінде түскен сұрақтарға да жауап берді. Сұрақтар бағдаршам объектілерін орнатуға, жеке куәлігі жоқ тұлғаларды құжаттандыруға және т. б. қатысты болды.
Кездесу соңында аудандық мәслихат хатшысы Роза Мусенова көңіл көтеру орындары мен сауда нысандарындағы бұзушылықтарды анықтау бойынша мониторингтік топқа көмек көрсететін учаскелік полиция инспекторларына алғысын білдірді.
Осындай есеп беру кездесулері облыстың барлық аудандарында өтеді.