
Өзбекстанның бұрынғы азаматы Тимур Саттаров 10 жыл бойы жеке өзі Өзбекстан Республикасының консулдығынан азаматтығының жоқтығы туралы анықтама ала алмады.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі оған осындай анықтаманы ресми сұрау арқылы алуға көмектесті. Енді Тимурдың АЖА-Азаматтығы жоқ адамның куәлігі бар және жақын арада ол Қазақстан азаматының жеке куәлігін алады.