Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтөбе облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен 11 жол көлік оқиғасы тіркелді

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтөбе облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен 11 жол көлік оқиғасы тіркелді

   Ақтөбе облысы Полиция департаменті 2020 жыл басынан бері облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен үш жол-көлік оқиғасы орын алғанын, соның салдарынан адамдар қаза тапқанын хабарлайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтөбе облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен 11 жол көлік оқиғасы тіркелді.

     Полиция қызметкерлері қабылдаған шараларға қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарларының иелері малдарын қараусыз қалдырады, нәтижесінде олар жол апатына ұшырап жатады. Тәуліктің қараңғы уақытында қала сыртындағы автожолдардағы көлік құралдарының жүргізушілері аталған жануарларды қағып кетіп, жол-көлік оқиғасына тап болады. Нәтижесінде екі жақ та материалдық шығынға ұшырайды.

    Ақтөбе облысы Полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін оларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Сондай-ақ, жануарлардың иелеріне жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін шағылысатын белгілерді орнатуды ұсынады.