Жедел іс-шаралар өткізу барысында Мәртөк ауданынан 2 дана (бір жұп) ақбөкен мүйіздері табылды.

Жедел іс-шаралар өткізу барысында Мәртөк ауданынан 2 дана (бір жұп) ақбөкен мүйіздері табылды.

      27 қыркүйек күні алынған ақпарат бойынша жедел іс-шаралар өткізу барысында Мәртөк ауданының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның тұрғылықты жерінен 2 дана (бір жұп) ақбөкен мүйіздері табылды. Аталған факті бойынша оқиға орнына Мәртөк аудандық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы жіберілді, келген бойда 2 дана мүйіз тәркіленді. Тұрғын үйді санкцияланбаған тінту барысында сарай төбесінен 16 калибрлі белгіленбеген үлгідегі екі ұңғылы (көлденең) мылтық тәркіленді.

       Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1.1-бөлігі "Киікті заңсыз аулау, жою, сол сияқты заңсыз олжаланған киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

      Сондай-ақ, атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

      Полиция департаменті заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған кезде азаматтар жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.