
23 сәуірде Чекалин көшесіндегі жалдамалы пәтерде жанжал шықты. Себебі, пәтер жалдап тұратын жанұяда пәтер ақыны төлеуге ақша болмағандықтан, үй иесі оларды төтенше жағдай режиміне қарамастан пәтерден шығармақшы болды.
Әйел 2 баласымен үйде отырады, ал жолдасы төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған. Пәтер иелері учаскелік полиция қызметкерін шақыртып, пәтерді босатуын талап етті.
Алайда, Ақтөбе қаласы №1 Қалалық полиция басқармасының №12 ПБ учаскелік полиция инспекторы Бахтияр Жақыпов отбасының ауыр жағдайын түсініп, келесі ай үшін пәтер ақыны өзі төлеп берді.
"23 сәуір күні бізге Чекалин көшесіндегі пәтер иесінен шақырту келіп түсті. Мен әріптесім Аслан Алмашевпен бірге мекен-жайға келдім. Алдымыздан қыз бен жігіт шығып, пәтер жалдаушыларын шұғыл түрде шығару керектігін айтты. Мен: «үйден шығаруға құқығымыз жоқ, оны сот қаулысын шығарғаннан кейін ғана шығара аламыз»- дедім. Пәтер жалдаушыларын көргім келді, мүмкін олар нашақорлар немесе маскүнемдер шығар деп күмәндандым.
Алайда менің алдыма 2 жасар қыз жүгіріп шықты, содан кейін мен емізулі баласы бар әйелді көрдім. Пәтердің иесі 2 сағат ішінде пәтерді босатуды талап етті, ал әйел оған: «бізде оған ақша жоқ, күйеуім жұмысын жоғалтты, және көмекке беріп жатқан 42500 теңгені әлі алған жоқпыз»-деп айтты.
Мен оларға аянышпен қарап кезінде өзім де пәтер жалдап тұрғаным есіме түсіп кетті. Сосын қалтамда жақында шешкен жалақым болды, үй иесіне пәтер жалдаушылардың бір айлық пәтер ақысын 40 мың теңгені төледім.
Пәтер жалдаушылар аң-таң болды және «ақшаны қайырымдылық қорынан алдың ба?» деп сұрады. Мен өзім сондай жағдайда болғасын жай ғана көмектескім келді, - дейді Б. Жакупов.
Анықталғандай, кеше полиция қызметкері картадан 150 мың теңге жалақысын алып, әйеліне беруге де үлгерген жоқ , әйелі күйеуінің осындай игі әрекетіне қарсы болмады.
"Менің әйелім бұл көмекке қарсы емес. Ол маған сенеді. Ай сайын мен басқа полицейлермен бірге мұқтаж болған науқас балаларға көмек көрсетемін – банктердің мобильдік қосымшасы арқылы ақша аударамын.
Бұл оқиғаны мен мақтанып айтқым келген жоқ, бірақ мен көмек көрсеткен әйел әлеуметтік желілерде алғысын білдірді. Енді маған әр аймақтан полицейлер қоңырау шалып, осы отбасына көмектескісі келетінін айтты.
Полиция капитаны Б. Жакупов 2014 жылдан бастап Ішкі істер органдарында қызмет етеді, өз жұмысына жауапты және құзыретті. Полиция
департаментінің басшылығы Бахтияр Жакуповты осындай игі іс үшін көтермелейтінін айтты.