ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет келбеті

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Жалғасбаева Бекзат Өмірханқызы  мемлекеттік қызметке келу туралы шешімді жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрген кезінде-ақ қабылдаған. Мектепте үздік оқып, мемлекеттік білім грантының  иегері атанған, әрі  жоғары оқу орнын үздік бітірген ол, қызмет жолын бірден мемлекеттік қызметтен бастауды жөн көрген. Осы мақсатта дипломын қолына алғаннан кейін бірден мемлекеттік қызметшілерге арналған тестілеуге барып, сүрінбей өткен. Әрі қарай бірнеше конкурстарға қатысып, нәтижесінде мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Ақтөбе облысының Полиция департаментінде бастаған.

- Полициядағы қызмет -  білімді ғана емес, сонымен бірге жылдамдықты, қырағылықты, тез шешім қабылдауды, төзімділікті қажет етеді.  Мен қызметке алғаш келген кезде бөлімде мамандар жиі ауысып, жас мамандар тұрақтамай жатқан кездер болатын. Сондықтан, су жаңа дипломын ұстап келген тәжірибесіз жас маманның осы қызмет те тұрақтап қалатынына сенім білдіргендер аз болған болар. Бөлімде қызмет етіп жатқан мамандардың  уақытын маған сарп етіп үйретіп отыратын уақыты да болмайтын қауырт шақ еді. Сондықтан, тез үйренуге, тез бейімделуге,   әрбір  ақпаратты тез қабылдап- қорытуға тура келді, - дейді ол.

Бала кезінен әрбір ісіне жауаппен қарайтын Бекзат үшін темірдей тәртіпті талап ететін полиция мекемесінде қызмет етуге бейімделу қиынға соқпаған. Ант қабылдап, қызметке кіріскен кезден бастап, жас қызметкер өзінің білімін тәжірибемен шебер ұштастыра біліп, білікті маман екенін дәлелдей білген.  Бүгінде ол Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы, полициядағы ақпараттық-имидждік және тіл саясатына, этностық, медиа-аналитикалық жұмыстарға, құжаттамалық жұмыстарға,  ақпараттық қауіпсіздікке жауапты маман.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және қызметте қол жеткізген жетістіктері  үшін Бекзат Өмірханқызы «Қазақстан полициясына 25 жыл медалімен», Ішкі істер министрінің Грамотасымен, Алғыс хаттарымен, Департамент басшылығының және облыс  әкімдігінің марапаттарымен бірнеше рет наградталған.       

- Мемлекеттік қызмет -  тұрақтылыққа, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді. Сонымен бірге, бірқатар шектеулерді қойып, жауапты міндеттер жүктейді. Сондықтан да, мемлекеттік қызметке саналы түрде келген әрбір адам  кәсіби және моральдық дайын болып келуі керек – деп тұжырымдаған Б.Жалғасбаева қазіргі таңда мемлекеттік қызметте 10 жылдай қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі тәлімгер.  

 

Дата публикации
14 июня 2022
Дата обновления
14 июня 2022
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Сұхбат
14 июня 2022
Мемлекеттік қызмет келбеті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы